Құрметті ата-аналар, оқушылар және әріптестер! Сіздерді мектеп сайтымыздың жаңа бөлімінде қарсы алуға қуаныштымын.
Бұл жерде біз ең маңызды жаңалықтармен бөлісеміз, тоқсан қорытындыларын шығарамыз және мектепті дамытудың негізгі мәселелерін талқылаймыз. Сондай-ақ сіздер маған “Қабылдау бөлмесі” бөлімінде сұрақ қоя аласыздар, мен оған міндетті түрде жауап беремін.
Мектеп өміріне бей-жай қарамай, белсенді қатысқандарыңыз үшін рақмет!