© 2026 А. Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп КММ

Барлық жаңалықтарға оралу
23.06.2026 Қоғамдық өмір

Жамбыл облысынан келген «Мағжан оқушылары» байқауына қатысушылардың кездесуі.


Петропавл вокзалы бүгін ерекше гүлденді. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 мектептің ұстаздары жыр алыбы Жамбылдың елінен келген «Мағжан оқуларының» қатысушыларын құшақ жая қарсы алды.

🤝 Қаратаудың етегінен ат терлеткен қонақтарға Қызылжар жұрты ерекше құрмет көрсетті. Ұстаздардың ыстық ықыласы, тәтті дәм-тұзы мен шын жүректен айтылған ақ тілегі балалардың жүрегіне медеу болып, ұзақ жолдың шаршағын бір сәтте сейілтті.

Бұл байқау жас таланттар үшін тек дода емес, Мағжанның рухымен сырласу, оның кіндік қаны тамған жермен табысудың сәті.

✨ Мектеп ұжымы қатысушыларға асқақ шабыт пен абыройлы жеңіс тілейді! 🏆


Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 орта мектеп КММ